Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.