Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды

19 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 30 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –12, келіп түскені – 4 адам.

Инфекциялық стационарларда 167 адам бар. Оның ішінде 8 бала емделуде. Төсек-орын 1 434-тен 1 104 — ке дейін қысқарды, – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр. Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 297 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 281 науқас. 16 адамда коронавирус белгілері жоқ.