Әлішер Кәрімов ресейлік «Голос» байқауын тәлімгерсіз жалғастырады

Бұл туралы «СтарХит» басылымы мәлімдеді.

Әйгілі әнші қайтыс болғанына үш апта өткен соң, «Бірінші» арнада эфирге шығатан жоба басшылығы оның командасы мен орнына қатысты шешім шығарды. Александр Градскийдің орнын композитордың ұлы Даниил немесе басқа беделді тұлғалар, соның ішінде Лариса Долина немесе Григорий Лепс алуы мүмкін деген нұсқалар айтылды.

Александр Градскийдің шәкірттері оның командасында байқауды жалғастыра береді.

100% жаңа тәлімгер болмайды, — деп хабарлады басылым шоудың дайындығында.

Қазір Александр Градский командасында үш вокалист қалды: қазақстандық Әлішер Карімов, Татьяна Качурина және Карина Купер. Телекөрермендер онлайн дауыс беру арқылы қайсысы жартылай финалға өтетінін таңдайды.

Қатысушылардың айтуынша, олар Александр Градскийді еске алу үшін финалға дейін қалады.

Еске салайық, «Бірінші» арнадағы «Голос» шоуының оныншы маусымына Қазақстаннан Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев қатысып жатыр.