Алматы облысында жол жабылды

Жол 17 желтоқсанда таңертеңгі сағат 11.00-ден бастап жабық болады, бұған ауа райының нашарлауы себеп болып отыр. Мұнда қатты дауыл болып, жол көрінбейді.

Үшарал – Достық (84-184 километр, Көктұма ауылы – Достық ауылы) автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартып, 112 қызметінің SMS-хабарламаларын ескеруді сұрады.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда қажет болатын барлық затты өзіңізбен бірге алып жүру қажет, — деді ведомство мамандары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да