Басты бет / Жаңалықтар /
тұрғын үй, пәтер
Фото: Нұрназар Әмзе

211 млн теңге: Көкшетауда мердігер тұрғын үй салуға бөлінген қаражатты жымқырған

Не болды?

Көкшетауда мердігер әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысының қаражатын жымқырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, прокуратура Көкшетауда құрылыс қаражатын жымқыруға қатысты істі тергеп, тексеріп жатыр. 2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салу туралы келісімшарт жасаған. Келісімшарт құны — 1 млрд теңгеден асады.

Мердігер аванс ретінде төлем алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарт ұсынған. Тапсырыс беруші мердігерге 211 млн теңге көлемде қаражат аударған.

Алайда құрылыс жұмысы толық аяқталмай, тұрғын үйлер пайдалануға берілмеді. Мердігер бюджет қаражаты жеке мақсатта және жұмсаған. Қазір күдікті қамауда отыр, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Петропавлда мердігер ұйым көпір салуға бөлінген қаражатты жымқырған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook