14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 195 083 адам, ІІ-ші дозасын 24 691 адам салдырды.
Оның ішінде 155 305 жасөспірім, 11 579 жүкті және 28 199 бала емізетін әйел вакцинаның бірінші дозасын алды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, елімізде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер ерікті түрде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын тегін салдыра алады.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін жалпы 8 875 273 адам, 2 — ші компонентін 8 323 469 адам салдырды.
