Елімізге Pfizer вакцинасының екінші партиясы келді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша барлығы 4 миллион 230 мың доза сатып алды.

Келген вакцина жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді. Comirnaty вакцинасы тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.

Вакциналарды тасымалдауда әр кезеңде температуралық режим қатаң сақталады. Сонымен бірге әр деңгейде өзінің жауапты ұйымы мен жауапты адамдар бар. Comirnaty препаратымен вакцинация жүргізілетін барлық медициналық ұйым дайын. Талаптарға сәйкес ультра төмен -60… -90 градус температура режимін сақтау үшін мұздатқыштар сатып алынды. Сондай-ақ, вакцинаны сұйылтуға және егуге арналған шприцтердің қажетті қоры сатып алынды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы 379 мың доза көлемінде келді. Pfizer вакцинасы жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге тегін қол жетімді. Үкімет отырысында осы санатқа жатпайтын қазақстандықтарға Pfizer-ді ақылы негізде егуге мүмкіндік беру ұсынылды. Идеяны елдің премьер-министрі қолдады. Айта кетейік, Қазақстанда қазір бес түрлі вакцина бар (Спутник, QazVac, Sinopharm, Corona Vac, Hayat-Vaх), олар тегін.