Бүгін сегіз қалада ауа ластанады

2021 жылғы 14 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Павлодар және Петропавл қалаларында күтіледі,-делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорология жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.