Президент актер, блогер және әншіге мемлекеттік наградалар табыстады

Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық. Мұның бәрі – ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын, — деді президент.

  • Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлікке «Құрмет» ордені
  • «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаевқа IІI дәрежелі «Барыс» ордені
  • Опера әншісі Зарина Алтынбаеваға «Құрмет» ордені
  • «Дервиши» тобының әншісі Ділмұрат Бахаровқа «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi»
  • «Ночной дозор», «Дневной дозор» фильмдеріндегі рөлімен таныс актер Нұржұман Ықтымбаевқа II дәрежелі «Барыс» ордені
  • 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергеноваға «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге  ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені
  • Балқаш аудандық орталық ауруханасының хирург-дәрігері Ілияс Қалиевке, блогер Денис Кривошеевке және «Қазтелепродукт» студиясының бас продюсері Нұрлан Қоянбаевқа «Шапағат» медалі табысталды.