Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болып, кейін өшіріліп тастады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға, бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста. Оның жанынан оқушы сөмкесі табылған.

Полиция бұл фактті расттады.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 105 бабы «Өз-өзіне қол салуға жеткізу» бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді, — деді Алматы полициясындағылар.