6 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 46 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –45, келіп түскені – 23. Инфекциялық стационарларда 257 адам бар (төсек-орынның жалпы саны — 1 434), оның ішінде 6 бала емделіп жатыр, – делінген хабарламада.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 35 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 11 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 570 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 555 науқас. 15 адамда коронавирус белгісі жоқ,- делінген хабарламада.
