Алексей Цой «омикрон» штамына байланысты сұрақтарға жауап берді

Министр жаңа штамның әлі зерттелмегенін, алайда «омикрон» штамы жылдам тараса, қосымша шара қабылданатынын айтты.

Қазір ең басты мәселе мониторинг болып отыр. Себебі әзірге жаңа штамм толық зерттеліп біткен жоқ. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатқанын біліп отырсыздар. Бірінің орнын бірі алмастырып жатыр – лямбда, одан кейін Eta-штамм… Әр штамға ерекше назар аударуға мәжбүрміз. Жақында ғана Женевада болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездестік. Сол кезде бұл штамды зерттейтін жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Ең бастысы, бұл штамның соңы пандемияға ұласпағаны керек. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды, — деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Министр әзірге жаңа штамға қатысты қандай да бір дерек жоқ екенін, алайда Қазақстанда да бақылау тобы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Жақын арада қорытынды шығады, соның негізінде іс-әрекетіміз белгілі болады. Жаңа штамм Қазақстанға келсе де, ең бастысы оның қалай тарайтынын түсіну керек, — дейді ол.

Айтуынша, коронавирус штамының қай түрі болса да, емдеу негізі бірдей. «Омикрон» анықталған елдерде аурудан басқа штамдардағыдай емдеу тәсілі қолданылып жатыр.