Нұрсұлтан Назарбаев министрлікке қандай өзгерістер енгізді?

Бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екі бөлек министрлікке бөлінді:

  1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ол әлеуметтк және еңбек саласындағы мемлкеттік саясатты жүргізеді. Министрлік басшылығына — Тамар Дүйсенова тағайындалды.

2. Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңа министрлікті бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі болған Елжан Біртанов келді.

Инвестициялар және даму министрлігі

Енді министрлік экспортқа, сондай-ақ, бүгінен бастап  архитектруа, қала құрылысы, су тарту, коммуналды шаруашылық сынды жұмыстарға жауапты болады. Бұрын бұл жұмыстарға Ұлттық экономика министрі қарайтын еді.

Ал, туризм саласы бұл министрліктің жауапкершілігінен Мәдениет және спорт министрлігіне берілді.

Ұлттық экономика министрлігі

 

Халықтың санитарлы-эпидемиялық жағдайын бақылауда ұстап келген министрлік енді бұл саланы қарамайды. Себебі, енді оған жаңадан құрылған Денсаулық сақтау министрі жауапты.

Сондай-ақ, электр, жылу, газ мәселелері Энергетика министрлігінің қарауында болады.

 

Дереккөзtengrinews.kz