Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған адам ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылық фактісі Жас қанат ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болған.

Бұл видеоға жедел жауап берілді. Бейнебақылау камераларының мәліметтерін мұқият зерттедік. Айыпталушы көрсетілген тұрғын ауданда тұрмайтынын анықтадық. Оның жеке-басы біраз уақыттан кейін анықталды. Бүгін ол ұсталды. Бұл – 1977 жылы туған С.есімді азамат, “Саяхат” автовокзалының ауданында тұрғын үйді жалға алып тұрады. Анықталғандай, бұған дейін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мүліктік қылмыс үшін де. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол заңсыз әрекеттерді жасау кезінде мас күйінде болған, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 434 бабы бойынша қозғалған әкімшілік іс материалдары шешім қабылдау үшін бүгін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданады.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні әлеуметтік желіде Алматыда ер адамның үйдің кіреберісіндегі дәрет сындырып тұрған видеосы тарады. Полиция ерсі әрекет жасаған адамды іздестіруге кіріскенін хабарлаған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да