COVID-19: Қазақстанда «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалмады

6 желтоқсандағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан сарыға өтті. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралуы жоғары аймақта бірде-бір өңір жоқ.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Ал Алматы мен Шымкент; Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.

Қызыл аймақ

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 632 адамнан коронавирус анықталды.