Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Аталған келісім 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда жасалды.

Келісімге сәйкес, Тәжікстан тарапы Қазақстаннан берілетін әскери мүлікті тек тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдануға және оларды үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді, — деді қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев 25 қарашада Сенаттың жалпы отырысында.