Басты бет / Жаңалықтар /
Ток
Фото: Қарағанды облыстық баспасөз қызметі

«Туған күніне бір күн қалған». Жаркентте мектеп оқушысын тоқ соғып, қаза болды

Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп аумағында 5-класс оқушысы электр тогына түсіп, қаза болды. Қазір аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 шілде күні болған. Ойын кезінде қыз бала құлпы салынбаған трансформаторлық қосалқы стансаға кіріп кеткен. Сол жерде оны электр тогы соғып, оқиға орнында көз жұмған. Ақпарат бойынша, 10 шілде күні марқұм 10 жасқа толуға тиіс болған.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар нысанды пайдалану мен оның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі анықталуда.

Бұдан бөлек, уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін анықталған заңбұзушылықтар мен қауіпсіздік талаптарының кемшіліктерін жою туралы нұсқама жолданған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram