«Мұқағали» фильмі халықаралық фестиваль жүлдесін иеленді

Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жариялады.

Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды, — деді қазылар алқасы.

Фильмде қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндалады.

Сценарийін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазды. Аталған кинотуынды биыл жылы 21 қазанда прокатқа шықты.