0%

Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Ілия Жақанов, Алтынбек Қоразбаев және басқа да көптеген композитор ән жазды. Ең көп ән жазғандар кімдер?

Дұрыс! Қате!

Дұрысы - Нұрғиса Тілендиев пен Тұрсынғазы Рахимов. Алғаш болып Нұрғиса Тілендиев ән жаза бастаған. Екеуі 35 күн бірге жүріп, 31 ән жазып тастаған деседі. Олардың қатарында "Сөнбейді әже, шырағың", "Кел, еркем, Алатауыңа", "Мен сендерді іздеймін", "Саржайлау" және тағы басқасы бар. Ал Тұрсынғазы Рахимов ақынның "Сәби болғым келеді", "Аягөз ару", "Отыздан асып барамын", "Мен сені сағынғанда", "Санаулы күн", "Нені аңсаймын?" сияқты 30-ға жуық өлеңіне ән жазған.

"Жапырақ-жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың, бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?.." Өлеңнің атауын табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – "Өмір сүрейік алмасып". Бірақ "Жас қайың" деген де атауы бар. Әнін Алмахан Кенжебекова жазған. Сахнада Индира Расылхан орындайды. Бұл – Индира Расылханды жұлдызға айналдырған ән.

Мұқағали Мақатаевтың хоббиі қандай?

Дұрыс! Қате!

Ақынның хобиі – үйдегі жиһаздың орнын ауыстырып отыру.

Ақынның туған күні құжат бойынша 1931 жылдың 9 ақпаны екен. Ал анасының айтуы бойынша шын туған күні қашан? Туғанда азан шақырып қойған есімі кім?

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – 8 наурыз. Ақынның анасы былай деген: "Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келді. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болды, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз". Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлық лауреаты Оразақын Асқар былай дейді: "Құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен". Азан шақырып қойған есімі - Мұхаметқали. Пайғамбардың есімі ауыр болып кетеді деп бәрі Мұқағали атап кеткен.

Мұқағали Мақатаевтың "Бүгін - менің туған күнім" өлеңінен алынған үзіндіні жалғастырыңыз.
"...Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей..."

Дұрыс! Қате!

Дұрысы:
"Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
"Мынау – шапан, Мынау – атың, мін", - демей".

Мұқағалиді зерттеуші Шаяхмет Имашұлы бұл өлеңіне қатысты былай дейді: "Ол заманда ақын-жазушылардың жағдайы өте жақсы еді. Кітабы шықса, 20, 30, 40 мың данамен таралады. Кітаптың бағасы тиын тұрса да, олардың алатын қаламақысы көп еді. 5-6 мың, екі томдығы шықса, 10 мың сомға дейін қаламақы алған. 10 мың сом дегеніңіз - 10 мың доллардың құны. Осы ақшаға ол кісілер 5-6 жыл ешқандай қиындық көрмей өмір сүретін. Бәрі арзан болды. 5-6 жылда ол тағы пәленбай кітап шығарады. Одан кейін жазушылардың басында баспанасы болды. Тіпті оларға 1 бөлме шығармашылықпен айналысу үшін артық берілді. Ал енді Мұқағалидың кітабын шығармай, өлеңін баспай қойса жағдайы қалай болады?
"Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай!
Мына халық нәғып жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай", - деп жүргені содан ғой.

"...Білемін ғой, білмейді деп жүрсің бе?
Түсінемін кеудеңдегі дүрсілге.
Оңашада, жұрт көзінен жасырып,
Күрсінбеші, жалынамын, күрсінбе!.." Мұқағали Мақтаев осы "Күрсінбеші" өлеңін жары Лашынға қандай жағдайға байланысты арнаған?

Дұрыс! Қате!

Мұқағали Мақатаев 1976 жылдың 27 наурызында көз жұмды. Соның алдында біраз уақыт ауруханада жатып емделмек болады. Жарының қатты қиналғанын көріп "Күрсінбеші" атты өлеңін жазған екен. Өлең былай аяқталады:
"...Әлі екеуміз аттанамыз сан жылға,
Күрсінбеші, қуаныш көп алдыңда.
Күрсінбеші, жүрегімді тыңдашы,
Талай-талай кереметтер бар мұнда!.."

Мұқағали Мақатаевтың әкесі Сүлеймен майданда 29 жасында қаза табады. Мұқағалиді әжесі Тиын бағып, өсіреді. Ал ақынның анасы кім еді? Оны ақын кім деп атаған?

Дұрыс! Қате!

Мұқағали Мақатаев ақын болуға бел байлап, әлем классиктерін жата-жастана оқиды. Ақын бұл кезде қанша жаста еді?

Дұрыс! Қате!

Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын боламынн деп шешеді. Әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалаған екен.

Мақатаев қандай тамақты дәмді пісірген?

Дұрыс! Қате!

Ақын "Бұхар палауын" немесе "Наманган палауын" жасаймын деп алып, дәмді тағам әзірлеуге кіріседі екен.

Ақын жары Лашынға 18 жасында үйленеді. Оны алғаш қалай кезіктірген?

Дұрыс! Қате!

Мұқағали Мақатаев бірнеше кісімен әңгімелесіп тұрғанда Лашынды ат үстінде көріп қалады. Шашы тобығына түсетін, аққұба, сұңғақ бойлы, әдемі қыз екен. Ақын бірден "Осы қызға үйленемін" депті. Бұл кезде Мұқағали 17 жаста, Лашын 21-де. Лашын Әзімжанованың өзі былай еске алады: "Жас айырмашылығына қарамастан, ауылда жүргенде бір-бірімізге хат жазып, үлкен қара тастың үстінде отырып таңды атыратынбыз. Сол кезде маған неше түрлі керемет өлеңін оқып беретін". Ол кісінің шын есімі - Ләзиман. Жақындарының айтуынша, ер мінезді болғаны үшін жұрт Лашын деп атап кеткен.

Тест: Мұқағали Мақтаевты қаншалықты жақсы білесіз?
Мұқағалидің Қарасаз ауылындағы кез келген оқушы ақын өлеңін жатқа айтады. Сол балаларға ұқсап бағуға тырысыңыз 🙂

жақсы, жарайсың, керемет

Жарайсыз! Ақын шығармашылығы мен өмірінен хабардар екенсіз.

Жарайсың,үздік, бестік

Бәрекелді! Мұқағалиді ақиық ақын етіп жүрген оқырманының бірі екенсіз 🙂

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: