Ерлан Саиров: Елімізде толыққанды саяси трансформация жүзеге асырылып жатыр

Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы лауазымын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беретіндігін мәлімдеді.

Лауазымды тапсыру Nur Otan партиясының уставына сәйкес іске асырылады. Елімізде толыққанды саяси трансформация жүзеге асырылып жатыр. Билеуші партияның төрағалығына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік 30-жылдығы қарсаңында келуінің де символикалық мән-мағынасы зор!, — деп жазды депутат Facebook-парақшасында.

Парламент Мәжілісінің депутаты еліміздің дамуының келесі кезеңінің диалектикасы қалыптасып жатқанын айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі ұрпаққа “Елдіктің жеті тұғыры” бағдарламасын ұсынды. «Тәуелсіздікті сақтау» басты құндылық, басымды міндет екендігін жеткізді. Мемлекетте бірте-бірте, эволюциялық өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда осындай ойланып жасалған, салмақты қадамдар дұрыс екендігі Һақ!, — деді ол.

Айта кетейік, бүгін, 23 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізетіні хабарланды.

Кейіннен Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев не үшін Nur Otan төрағасы лауазымынан кететінін түсіндірді.