Қызылордада өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт салдарынан екі адам иіс тиіп қайтыс болған. Бұл жерге өрт сөндіру қызметінің мамандары да шақырылмаған.

Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы тұрғын. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандары шақырылған жоқ. Алдын ала жасалған болжам бойынша негізгі себеп – отты абайсызда қолдану, – деді төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер техникамен барды.