Мектеп оқушысы өз сайтын 6 млн долларға сатпай қойды

Йоркшир графтығының (Англия) тұрғыны Мұхаммед Әли үйінде отырып сайт жасады. Оның жобасы нарықтағы ұсыныстарды салыстырып, тиімді баға бойынша тауар табуға мүмкіндік береді. Әлидің айтуынша, оған 60 жастағы бизнес-серіктесі Крис Торп көмектескен. Мектеп оқушысы әзірге өз бастамасын егжей-тегжейлі айтуды қаламайды, бірақ ол бұл жобаның әлемде баламасы жоқ екеніне сенімді.

Мұхаммед Әли

«Лондондық инвесторлар менімен 2016 жылы желтоқсан айында кездесті. Олар деректерді басқарумен айналысады, сондықтан сайтты өзім құрғаныма сенбеді», — деді weneed1 жобасының авторы Мұхаммед Әли. Мектеп оқушысы олардың ұсынысынан бас тартқан. Ол қазір 5 миллион фунтқа (шамамен 6 миллион доллар) бағаланған жобасының болашақта одан да қымбат боларына сенімді.

ДереккөзInform.kz