Алматы-Доха бағытында жаңа әуе бағыты ашылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, Qatar Airways әуе компаниясының шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой қатысты.

Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы Qatar Airways әуе компаниясының 140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады. Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы Qatar Airways әуе компаниясын «Жыл әуе компаниясы» деп жариялады.