Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Катар мен Қазақстан арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.