Бір айда қазақ тілін меңгерген адам ЭКСПО-ға билет ұтып алады

«Серпін-2050» студенттерінің Павлодардағы бөлім басшысы Дарын Тәжібаевтың айтуынша, студенттер «Қазақстандық арман» атты қоғамдық бірлестік құрып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатымен бірігіп, «Қазақша сөйлеу оңай» атты жоба бастаған.

«Ережесі қарапайым: бір қазақ тілін білетін студент қарамағына тіл үйренгісі келетін кез келген ұлт өкілін алады да, бір ай бойы тіл үйретеді. Жас мөлшеріне шектеу жоқ: оқушыдан бастап — қарияларға дейін қатысуға болады»,-деді Дарын Тәжібаев.

Қазіргі таңда осындай 15 жұп жиналған.

Дереккөзpavlodar.i-news.kz