Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Субсидияланатын ішкі рейстерге Түркістаннан 11 бағытта, Үшарал және Балқаштан 2 бағытта, Көкшетаудан 3 бағытта ұшатын рейстер жатады, — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл бағыттарда билет құны 8 мыңнан 25 мың теңгеге дейін тұрады. Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.
