Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі кезде осы іске қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.
Ресми мәліметке сәйкес, полицияға банктің өкілі арызданған. Оның айтуынша, хакерлер жеке тұлғалардың мәліметтер базасына кіріп, ақшаны жалған есепшотқа аударып қойған.
Шығынның көлемі айтылған жоқ.
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды. Ақмола облысы полициясының криминалдық басқарма қызметкерлері оны Hi-tech шұғыл алдын алу шарасы аясында қолға түсірді, — делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-тармағы бойынша (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
