Басты бетҚоғамЭнергетика министрлігі:...

Энергетика министрлігі: Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде және бірнеше БАҚ-та жанармай құю бекеттерінің кейбірінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болды.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қор көлемі халықтың бензинге деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Осылайша, бензин тапшылығына еш негіз бен алғышарт жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқ екенін айтып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауды сұрады. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді.

Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады, — делінген хабарламада.