Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау
Фото: Akorda.kz

Президент Қазақстан боксшыларын әлем чемпионатындағы жүлдесімен құттықтады

Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!, — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль алып, Кубадан кейінгі екінші орынды иеленді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram