Қазақстан бокстан әлем чемпионатында екінші алтын медаль алды

Әлем чемпионаты финалында қазақстандық Сәкен Бибосынов америкалық Рискоу Хиллмен кездесті. Екеуара тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Сәкеннің еншісіне шешілді, — деп хабарлады Olympic.kz.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов — Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Cонымен бірге қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Серік Теміржанов 57 келі салмақ дәрежесінде финалда АҚШ өкілі Джамал Харвимен жұдырықтасты. Финалдық кездесу Джамал Харвидің еншісіне шешілді.

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: Olympic.kz

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль алып, Кубадан кейінгі екінші орынды иеленді.