Түркістан облысында тұрғынның мәйіті табылды

Полиция қызметкері оқиға орнынан қан дақтарын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам ауладағы екі метр тереңдіктегі құдық ішінде қозғалыссыз жатқан. Мәйіт полицияға жүгінген ер адамның көршісі екені анықталды, – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған факті ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-не тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің жиені жедел уәкілдердің назарына түсіп, ұсталды. Полиция анықтағандай, екі туыс арасында жанжал болған. Нәтижесінде, жиені ағасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті құрғақ құдыққа лақтырып, қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.