Мемлекет басшысы қарулы күштерді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Мемлекеттік орган басшылары президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.

Фото: Аkorda.kz

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.