Министрлік «Дикий Арман» мен боксшылардың видеосына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиев пен отандық боксшылардың видеосы пайда болған еді. Кадрларда ер адам қалай ақша санап тұрғаны, оны Арман боксшылардың атын кезекпен атап, қолын алып, ұстатып жатқаны көрінеді.

Видео сипаттамасында «Дикий Арман» турнирде жеңілген үш қазақстандық боксшыға екі мың доллардан таратқаны айтылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

Министрліктегілер «ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру — бұл федерация мен министрлік ресми өкілі саналмайтын азаматтың жеке бастамасы» екенін айтты.

Ведомстов мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы Белград қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.

Бокстан ұлттық құрама команда спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік осы факт бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бокстан ұлттық құрама даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге (3,5 миллион АҚШ доллары) қарастырылған.

Түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:

  • 1-орынға 15 000 АҚШ доллары;
  • 2 орынға 7 000 АҚШ доллары;
  • 3-орынға 5 000 АҚШ доллары.

Сонымен бірге олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде:

  • 1-орынға 10 000 АҚШ доллары;
  • 2-орынға 5 000 АҚШ доллары;
  • 3-орынға 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.

Кейін Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев «Дикий Арманмен» түскен видеосын жариялады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да