Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
1989 жылы туған Айдос Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастырамын деп Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деген күдікке ілінді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шеккен, келтірілген залал сомасы 34 миллион теңге шамасында, — делінген хабарламада.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Соған байланысты Айдос Шәріповке халықаралық іздеу жарияланды.
Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі уақытта Айдос Шәріпов Нұр-Cұлтанның тергеу изоляторына қамалды.
