Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациялау науқанына кірісу қажеттігін айтты

Эпидемиялық ахуал тұрақсыз. Күн сайын 30-ға дейін өлім-жітім тіркеледі. Мұның барлығы вакцинация қарқынының төмендеуі аясында орын алып жатыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40% болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-де жарияланған ақпаратына сәйкес, президент өзге елдердің басым бөлігі халықты ревакциналауға көшіп кеткенін атап өтті.

Қарқынды науқанды наурыз айында бастағанымызды ескерер болсақ, бізге де ревакцинация уақыты жетті. Үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі қажет, – деді мемлекет басшысы.