Министрлік елімізге Pfizer вакцинасы қашан әкелетінін айтты

Биыл 8-14 қараша аралығында Pfizer вакциналарын жеткізу күтіліп отыр, – деді ол Үкімет отырысында.

Барлығы 2 миллион адамға 4 миллион доза вакцина жеткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға жауап берген еді. Онда ол қазір АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Бельгия, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктерінде балалар мен жүкті әйелдерге, аналарға осы Pfizer екпесі салынып жатқанын мәлімдеді.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60 проценті, дәлірек айтсақ 11 миллион 390 мың адамға вакцина салу қажет екен.