Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 162...

Қазақстанда 162 науқастың жағдайы өте ауыр

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 қарашадағы мәліметі бойынша, 43 397 адам (37 852 + және 5 545 КВИ–) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 7 710 науқас, амбулаторияда 35 687 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 520 адамның жағдайы ауыр, 162 науқастың жағдайы өте ауыр. 102 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 396 адамнан коронавирус анықталды.