«Астана» футбол командасында легионерлер саны азаяды

Белгілі болғандай, Антонио Рукавина мен Кадете Лопес, жартылай қорғаушылар Педру Эуженио және Валерий Чуперка, шабуылшы Семир Смайлагич командадан кетеді.

Сонымен қатар Жарко Томашевич, Лукаш Шимуновичтің келісімшарт уақыты аяқталған. Клуб әзірге жаңа келісімшарт ұсынған жоқ. Кей легионерлермен клубтың бұрынғы басшылығы жасаған келісімшарт негізінде қоштаспақ. Бұл келісім бойынша «Астана» 2-3 айлық жалақыны төлеуі керек.

Айта кетейік, босниялық шабуылшы Семир Смайлагич жалға берілуіне байланысты маусымның екінші кезеңін Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасында өткізген. Ал Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы Антонио Рукавина футболдағы мансабын аяқтайтынын айтқан.