Самат Ерғалиев еркін күрес федерациясының вице-президенті болды

Самат Серікқанұлы Ерғалиев Нұр-Сұлтан Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Еркін күрестен спорт шебері, – Tr3деп жазылған Нұр-Сұлтан спорт басқармасының хабарламасында.

1979 жылы 7 маусымда Алматы облысындағы Сарқанда дүниеге келген.

Білімі:

1995-1997 жылдары – Талдықорғандағы Техникалық колледж;

1999-2001 жылдары – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Республикалық олимпиадалық колледжі;

2002-2005 жылдары – Дінмұхамед Қонаев атындағы Заң колледжі;

2005-2008 жылдары – Дінмұхамед Қонаев атындағы университет, Заң факультеті;

2011-2013 жылдары – Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Кәсіби тәжірибесі:

  • 2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры болды.
  • 2020 жылдың 24 сәуірінен бастап қазіргі күнге дейін Нұр-Сұлтан «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.