Асқар Мамин шекарада эпидемиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

Жалпы эпидемиялық ахуал бақылауда тұр. Дегенмен, көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет, – деді Асқар Мамин.

Одан өзге, Үкімет басшысы мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиялық бақылауды күшейтсін, –  деді Асқар Мамин.