Елімізде вакцина салдыру қарқыны төмендеді

Вакцина салдыру қарқыны төмендеп отыр. Оны ұлғайту қажет, әсіресе, қалып келе жатқан өңірлерге қатысты. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауға алуды және оның қажетті деңгейін қамтамасыз етуі қажет, − деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктері халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңызы туралы, сонымен бірге денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы екпені салдыру бойынша түсіндіру жұмысын жалғастыруды талап етті.

Осы ретте Асқар Мамин бұл тапсырмаларға жалпы бақылау жасауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.