Алматыда бүгін, 22 қазанда қар жауып, ауа райы күрт нашарлап кетті. Салдарынан жолдарда жазатайым оқиғалар көбейіп, әлеуметтік желілерде жол апаты туралы деректер жарияланып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полициясы көлік жүргізушілерін ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырды.
Үндеу қауіп жоғары көлік құралын пайдаланатын жүргізушілерге арналған. Оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және ұқыптылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өзекті және жол апатының алдын алуға көмектеседі, — деді Алматы әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында таңғы сағат 7-де ұшақ пен жеңіл көліктің соқтығысқаны хабарланған еді.
