Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанында болған.
Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі («Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
