Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетер алдында кімге хабарласқанын айтты

Бұл туралы Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде айтты.

Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге (Ресей президенті Владимир Путин — авт.) хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. «Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім» дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да