Марат Ахметжанов: Бизнес саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына ерекше назар аударды. Тиісті тапсырманы президент өзінің Қазақстан халқына жолдауында бергені белгілі.

Марат Ахметжановтың айтуынша, тұжырымдаманың новеллаларының бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. Ол шығыстардың кірістерден асып кетуі қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болатынын ерекше атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық, Алматы

Агенттік төрағасы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру қызметтің бірінші кезектегі міндеті екенін айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ішкі мониторингке сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге бизнес саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу қажеттілігі атап өтті.

Отырыс барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды таныстырды, тәсілдерді жетілдіру бойынша шаралар талқыланды және ағымдағы жылдың 9 айында Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың аралық қорытындылары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру кезінде осы ұсыныстарды ескеруді тапсырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да