Досхан Жолжақсыновтың мерейтойын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды ма?

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Қалада тіркелген жағдайлар бойынша мониторинг топтары жұмыс істеп жатыр. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғаларға 250 миллион теңге көлемінде 724 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға 5 699 айыппұл салынды, бұл 252 миллион теңге, — деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, заңсыз жиын өткізгені үшін «Ариал» гольф клубының басшысына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл жерде 9 қазанда алты мыңнан аса адам жиналған пикник болған. Бұл жиынды ұйымдастырған адамға 87 мың теңге айыппұл салған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Esquire Kazakhstan (@esquirekazakhstan)

Досхан Жолжақсыновтың мерейтойы өткен «Svetlana» мейрамханасының иесіне 670 мың теңге айыппұл салынды. Абай атындағы опера және балет театрында «Место силы» кітабының тұсаукесеріне байланысты театр директорына 670 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Баян Алагөзова да «Le Dome» мейрамханасында жолдасының туған күнін тойлаған. Мейрамхана иесіне дәл осы мөлшерде айыппұл салынды, — деді Жандарбек Бекшин.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева Абай атындағы опера және балет театрында «Место силы» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және басқармалардың мамандары мониторинг топтарының құрамына кірмейді. Сондықтан мониторинг топтары бізге жеткізген ақпаратты қарап, айыппұл сала аламыз. Өз бетімізше нысандарға барсақ, бұл жемқорлыққа айналады, — деді қаланың бас санитар дәрігері.

Бұған дейін желіде Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдығында түсірілген видеолар тарады. Ол жерде Берік Уәли Қарагөз Сүлейменовамен бірге билеп жүр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қарагөз Сүлейменова (@karagozsuleimenova)

Журналистер Жандарбек Бекшиннен жаппай жиынды ұйымдастырған әрі қатысқан танымал адамдарға айыппұл салынды ма деп сұрады. Мысал ретінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваны атады.

Ұйымдастырушылар мен жиын өткен нысан иелеріне айыппұл салдық. Біз тек қала бойынша жұмыс істеп жатырмыз, — деді Жандарбек Бекшин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да