Бүгін бірқатар аймақтарда боран соғады

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарынла жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады, күндіз бұрқасын болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейіп, екпіні 28 м/с болады.

Жамбыл облысында  тұман бақыланып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының аймақтарында тұман күтіледі. Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысына қарасты аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел бұрқасынмен болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын бақыланып, күндіз желдің күші 18 м/с болады.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.

 

 

ДереккөзBAQ.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да