Маңғыстауда мұнайшылар жалақысының аздығына наразы болды

Белгілі болғандай, өңірде еңбек дауы күннен-күнге ушығып барады. Мұнай саласында қызмет ететін компания қызметкерлері бірінен соң бірі жалақыны көтеруді талап етіп отыр. 6 жылдан бері мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнайшылар сыйақы алмай жүр. Оған қоса, басшылық та жалақыны айтарлықтар қысқартқан көрінеді.

Ал басшылық тарапы жер қойнауын пайдалану үшін келісімшартты 2046-жылға дейін ұзартпақ болған. Сонымен бірге кәсіподақ төрағасына 18 қазанда келіссөзді бастау туралы хабарлама берген.

Алайда, басшылық ұжымның бұл талабына келіспей отыр. Себебі «Бозащы оперейтинг» мұнайшыларының орташа жалақысы 500 мың теңге, ал сыйақыға еңбекақының 20 проценті төленеді екен.

2020 жылғы 1 қаңтар айынан бастап кәсіподақпен жасасқан келісімге сәйкес барлық жұмыскерлерінің жалақысы елеулі түрде көбейтілді. 2020 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты өндірістік сыйлықақы 50%-ке төмендетілді, – дейді Buzachi Operating Ltd компаниясының заң бөлімінің басшысы Әлібек Телеуов.