Түркістанда мектеп оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген

Әжесінің айтуынша, немересі жұмада мектептен келгеннен кейін мазасы болмай, денесі сырқырап тұрғанын айтқан. Дүйсенбі күні ауырып тұрғанына қарамастан Рамазан мектепке барған. Бірақ содан кейін Рамазанның жағдайы нашарлай бастаған.

Оны мектеп әжетханасында соққыға жыққан. Дәрігерлер бас жарақатын алғанын айтады. Қан ұйып қалған, содан кейін тамыры қысылып қалған. Одан бөлек, бауырынан ұрған. Артынша, ата-аналар балалардан ақша талап етілетінін анықтаған. Сыныпта өзін атаман деп атайтын бала бар екен, – дейді Гүлнар Маханова.

Жергілікті полиция департаменті мектеп оқушыларынан түсінік алып жатыр. Оқиғаға қатысты дәрігерлер пікір білдірді. Олар қажетті зерттеулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасына өткізілгенін айтты.

Өйткені ол соққыға жығылған соң, шамалы психомоторлы қозуы болған. Шошып оянып, психикалық белгілері болған. Бас мидың жабық травмасы, бас мидың соғылуы, ісінуі, ми стволының қысылуы, сөйтіп аспирациялық синдром деп бізде диагноз қойылып, сот-медициналық сараптамаға өткізілген, – дейді Түркістан орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Енді оқыс оқиғаның мән-жайын полиция анықтамақ. Құзырлылар тағайындалған сапартама қорытындысына сәйкес, заң шеңберінде шешім қабылданатынын хабарлады.

Ал мектеп-гимназияның директоры мектеп қабырғасында ешқандай қысым мен қылмыстың жоғына сенімді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да