19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде елдің басым аумағы антициклонның ықпалында болады.

Атап айтқанда, батыста ауа температурасы түнде 10-22, күндіз 5-15 аязды көрсетеді, солтүстік-батыс өңірде түнде 15-25, күндіз 7-15 градус, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, түнде 8-16, шығыста түнде 15-20, солтүстік-шығыста 25-30 аяз, күндіз 7-17 градус суық.

Елдің оңтүстік облыстарында түнде 5-10 градус, кей жерлерде 15-20 градус аяз түседі. Күндіз 0-5 градус жылы, кей жерлерде температура бағаны 1-6 градусты көрсетеді.

Астанада ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы — секундына 9-14 метр.

Түнде температура минус 20-22 градусқа дейін төмендесе, күндіз 10-12 градус нөлден төмен болады.

ДереккөзInform.kz